Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірін қағазбен жапқан автокөлікке назар аударған.
Жамбыл ауданы аумағындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол жоғары жылдамдықпен қозғалу кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалмау мақсатында мемлекеттік нөмірін әдейі жапқанын мойындады.
"Аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды", – делінген ҚР ІІМ таратқан хабарламада.
Жамбыл облысы полиция департаменті 19 наурыздан бастап өңір аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін хабарлады. Іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау күшейтілетіні ескертілді.