Жамбылда Конго-Қырым қанды безгегінің 3 жағдайы тіркелді

651

Жыл басынан бері Жамбылда кене шағып алды деп денсаулығына шағым жасағандар саны 421-ге жеткен.

Жамбылда Конго-Қырым қанды безгегінің 3 жағдайы тіркелді Фото: inform.kz

Зертханалық талдау нәтижесінде 3 жағдайда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы расталды. 

Екі жағдай Шу ауданында, біреуі Байзақ ауданында орын алған. Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейлә Муликованың айтуынша, қазір 3 науқас хаттамаға сәйкес емдеудің толық курсын алып, сауығып шығыпты.

Жалпы кене шағу фактілері бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген адамдарға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Мамандар кене шағып алған 421 адамның денсаулық жағдайын бақылауда ұстауға міндетті.

"Жамбыл облысы бойынша кене шағудан зардап шеккен 421 адам тіркелді. Олар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Зертханалық жағдайда расталған 3 науқастан басқасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері жоқ, шағымдары жоқ. Медициналық бақылаудан 298 адам алынды", - дейді Нейлә Муликова.

Айта кету керек, Жамбыл өңірінде былтыр Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи таралу ошақтарына жақын орналасқан 36 елді мекен айқындалған еді. Олар 13-і –  Мойынқұмда, 7-еуі – Сарысуда, 5-еуі – Таласта, 10 ауыл Жамбыл ауданында, тағы біреуі Шу ауданының бір елді мекені болатын. Биыл табиғи ошақ аумағындағы елді мекендер саны 3-ке азайғанымен, геморрагиялық қызбадан келер қауіп кеміген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу