Жамбылда медициналық сақтандыруымен қамтылмаған 212 453 халық тұрады

571

Өңірде МӘМС-пен қамту 76,4 пайызды құрайды. 

Жамбылда медициналық сақтандыруымен қамтылмаған 212 453 халық тұрады Фото: canva.com

Жамбыл облысында 212 453 тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған. Ресми статистикаға сүйенсек, облыста МӘМС-пен қамту 76,4 пайызды құрайды. Әсіресе Қордай, Шу және Жамбыл аудандарында көрсеткіш мүлдем төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімованың айтуынша, өңірде 4 161 тұлғаның тұрақты жұмысы бола тұра сақтандырылмағаны анықталыпты. Сараптама көрсеткендей, жүйеге тіркелмеген қызметкерлерің 117-сі құқық қорғау, 2 699-ы мектеп, 1 345-і балабақшада еңбек ететін мамандар.

Ал Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың сөзіне сүйенсек, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 5 айда 38 234 адам сақтандыру төлемдерін жасап, сақтандырылмаған тұлғалар саны 212 453-ге азайған.

"Тараз қаласы бойынша 82 742 сақтандырылуы жоқ тұрғынның 13 160-сы сақтандырылып, көрсеткіш 69 582 адамға азайды. Байзақ ауданы бойынша сақтандырылмағандардың саны – 23 275. Ал сақтандырылған халық саны – 19 952. Сондай-ақ Жамбыл ауданында сақтандырылмаған 18 338 тұрғынның 2 867-сі жуырда сақтандыру мәртебесін алды. Жуалы ауданында 2 276 адам сақтандыру қорына тіркелді. Қордай ауданында 4 433 адам сақтандырылып, тіркелмегендер саны 32 702-ге азайды. Сол секілді Меркі ауданында сақтандырылмай келген 21 205 тұрғынның 2 742-сі жуырда жүйеге тіркелді. Мойынқұмда да соңғы көрсеткіш бойынша 943 адам сақтандырылып, 3 940 адам қалып отыр. Аймақта тұрақты жұмыс орны бар, алайда сақтандыру төлемдері жасалмаған тұлғалар саны – 67.

Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері 2 099 тұлға сақтандырылды. Ауданда жұмыс орны бар, алайда сақтандыру төлемдері жасалмағандар саны – 457 тұлға. Ал Сарысу ауданында 6 749 сақтандырылуы жоқ тұлғаның 1 465-і сақтандыру мәртебесін алды. Талас ауданында соңғы үш айда 1 483, ал Шу ауданында 3 443 адам сақтандырылды", деген Жанар Мықтыбекқызы МӘМС бойынша төлем жасаудан бас тартқан тұрғындардың барлығы жұмыссыз екенін жеткізді.

 

Таласбек Керей

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу