Жамбылда мигранттар студент ретінде тіркеліп, заңсыз жұмыс істеген

2376

Бұған қоса, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен жиі сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды. 

Жамбылда мигранттар студент ретінде тіркеліп, заңсыз жұмыс істеген Фото: gov.kz

Жамбылдық уәкілетті орган қызметкерлері мигранттарды тіркеу үшін оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің түрлі схемаларын ойлап табуда. Жуырда Жамбыл облысы прокуратурасы Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады. Олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген. Алайда олар бұл оқу орнының білімгері болмаған. 

"Қазіргі таңда кінәлі тұлғалар анықталуда. Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы мониторинг нәтижесінде уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды.

Осылайша еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына үздіксіз мониторинг жүргізілуде",  – деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу