Жамбылда натрий пиросульфитін өндіретін зауыт салынды

392

Бұл – натрий пиросульфитін өндіретін қазақстандағы алғашқы зауыт. Жалпы құны 3,5 миллиард теңге болатын жоба жылына 25 мың тонна өнім шығаруды көздейді. 

Жамбылда натрий пиросульфитін өндіретін зауыт салынды Фото: бейнеден скриншот

Жамбыл облысына қарасты Талас ауданында натрий пиросульфитін өндіретін зауыт салынды. Бүгінгі таңда "Karatau Chemicals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ("Koyuncu Group" түрік инвесторы) жабдықты орнату процесін жүргізуде, деп хабарлайды деп inbusiness.kz тілшісі.

Жаңа кәсіпорын импортқа тәуелділікті едәуір азайтады. Бұдан бөлек, болашақта аммоний сутегі сульфаты (қамыр қопсытқыш), калий метабисульфиті, натрий сульфиті және жеке күтім мен гигиеналық өнімдер өндірісін іске қосу жоспарда бар.

Жақын арада өндіріс аумағын көгалдандыру жұмыстары басталады. Кәсіпорынды іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу