Жамбылда орман шаруашылығы мекемелері техникаларының 25 пайызы тозған

480

Орман шаруашылығының қолданыстағы техникалар мен агрегаттардың 25 пайызының тозығы жеткендіктен, оларды есептен шығару қажеттілігі туындап отыр.  

Жамбылда орман шаруашылығы мекемелері техникаларының 25 пайызы тозған Фото: Егемен Қазақстан

Жалпы Жамбыл өңірінде 4 миллион 427 мың гектар орман қоры бар, 313 адам еңбек етеді. Атап айтсақ, 260  орманшы-қорықшы болса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 38 қорықшы-егер қорғап, күзетеді.

Бұдан басқа мамандандырылған "Сапсан" жедел қызметінде 15 инспектор қызмет етуде.

Жазықты аймақтарда орманшы-қорықшы күзететін аумақ 40 мың гектарға дейін жетеді. Ал таулы аймақтардағы қоритын аумақ 5 мың гектарды құрайды.

Алғашқы жартыжылдықта орманшы-қорықшылардың айлық жалақысы 90 мың теңге ғана болған. Шілде айынан бері еңбекақылары 150-160 мың теңгеге көтерілді.

Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Әділ Жақыповтың сөзіне сүйенсек, шаруашылықтың балансында 40 қызметтік үй бар екен. 45 қызметтік баспана жетіспейді.

"Елді мекеннен шалғайда жатқан орман қоры жерінде қызметтік үйлер бар. Оның көбісі екі жанұялық. Далалық жердегісі бір отбасына арналған үйлер. Ал ауылдық жерге жақын орман қорына жауаптылардың баспанасы жоқ. Сондықтан олар қатынап жұмыс істеуге мәжбүр", - дейді Ә.Жақыпов.

Жыл сайын 5 қызметтік үй салуға қаражат бөлсе де, орманшылардың баспана мәселесін шешуге әлі 5 жыл уақыт керек.

Ал облыстық мәслихаттың депутаты Серік Қойбақов есептегі бар 40 қызметтік үйдің өзі тозып тұрғанын айтады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу