Жамбылда шұғыл апаттық жағдайлар көбейді

333

Жыл басынан бері Жамбыл өңірінде мұндай 1 мыңға жуық жағдай тіркелген.  

Жамбылда шұғыл апаттық жағдайлар көбейді Фото: ҚР ТЖМ

Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар барысында 216 адамды құтқарылған. Жедел құтқару жасағы қаза тапқан 59 адамның денесін іздестіріп тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы бүгінге дейінгі 22 іздестіру-құтқару жұмыстарының 17-сі су айдындарында жүргізілген. Сүңгуірлер суға батқан 9 адамның, оның ішінде 4 баланың денесі шығарыпты.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының басшысы Юрий Салагаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғалары кезінде орын алған 38 апаттан кейін 12 адамды құтқарылып, қаза тапқан 16 адамның денесін темір құрсаудың арасынан шығарып алған.

Мамандар көбіне жол апаттары мен шұғыл авариялық жағдайлар тұрғындардың төтенше жағдайлар туралы ескертулердің ескермей, жолға шығып кетулерінің салдарынан туындайтынын айтады.

"Осы қыста республикалық және облыстық маңызы бар күрежолдарда қалың қар мен дауылды боран кезінде апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 21 рет жолға шықтық. 68 адамды құтқардық. 74 адамды эвакуацияладық. Бір өкініштісі, қыстың көзі қырауда жолда қалған жолаушылардың арасында 10 бала болды. Қар үйінділерінің құрсауынан 7 автотехника шығарылды", - дейді Ю.Салагаев.

Биыл өрт, апаттық жағдайлар көбейген жайсыз жыл болды. Учаскелерді, пәтерлерді су басып қалған, үйдің ауласына, дәліздерге жарқанат қаптап, жылан басқан жағдайлар да жиілеген. Құтқарушылар мұндай шақыртуларға 21 рет шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу