Жамбылда сүт өнімдері қымбаттаған

610

Өңірде азық-түлік бағасын қымбаттатқандар жауапқа тартылды.

Жамбылда сүт өнімдері қымбаттаған Фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысында алыпсатарлар сүт өнімдерін негізсіз қымбаттатып, 25-60 пайыз үстеме бағағамен саудалаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау орталығы департаментінің жедел дирекциясы сауда компанияларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде ең жоғары үстеме баға қосқанын анықтаған.

"Кәсіпкер жалғыз сатып алушы бола тұра, өндірушінің сүт өнімдерін әртүрлі сатып алушыларға тауарды 25-60 пайызға дейін үстемемен жеткізіп беріп отырған. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген шекті сауда үстемесінің белгіленген мөлшеріне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын негізсіз қымбаттатқан сатушыға өнімді делдалсыз тікелей жеткізіп, тікелей сауда орындарына 10-15 пайыз төмендетілген бағамен жеткізу міндеттелді", - дейді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел басқармасының қызметкері Медеу Ауғамбаев.

Бүгінге дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын негізсіз жоғарылатқан 7 тұлғаның ісі бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық комиссияда қаралып, 5 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ күз айларында облыстағы сауда нысандарында жұмыртқа да қымбаттаған болатын.

Талдау жұмыстары арқылы бұл да азық-түлік тауарларын жеткізушілері арасындағы тиімсіз делдалдардың схемасы екені анықталды.

Мамандар былтырға дейін өңірде өндірушілер сауда нысандарына өнімдерді делдалсыз өздері жеткізіп отырған. Еншілес кәсіпорын түріндегі "жасанды" делдалдар биыл пайда болған. Тауар бағасының өсуіне осы тиімсіз делдалдардың үстеме бағаны негізсіз қосуы әсер еткен.

Сарапшылар сүт өнімдері және жұмыртқа бағасы әсіресе, мереке кездерінде қымбаттайтынын айтты.

Жаңажылдық мереке қарсаңында да бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өсуі мүмкін дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу