Жамбылда тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды

461

Қолының сұғы бар азамат алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. 

Жамбылда тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды Фото: ernur.kz

О заман да, бұ заман, қазы мен тойбастар ұрлаған ұрыны кім көрген?! Жуырда Жамбыл облысының Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қолының сұғы бар ер азамат пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған. 

Сондай-ақ, басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің Тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу