Жамбылда төтенше жағдай: Көмекке қырғыз құтқарушылары келді

384

Қазақстан тарапынан 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды.

Жамбылда төтенше жағдай: Көмекке қырғыз құтқарушылары келді Фото: видео скриншот

Қазақстанның оңтүстік облыстарында көліктер жолда тұрып қалды. Оларға Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап. 

Қазақстанда қарлы боран салдарынан 100-ден астам көлік Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауында қалды. 

Қырғыз ТЖМ мәліметінше, 14 желтоқсанда жолаушылар мінген 100-150 шамалы көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қалып, Қырғызстанға өте алмай қалған.

Оларды құтқаруға Қазақстан тарапынан 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы, 5 ауыр техника, бір жүк көлігі және 2 қарда жүретін көлік жіберді.

"Сағат 03.05-те құтқарушылар "Ақ-Жол" бақылау-өткізу бекетіне аттанды. Сағат 08.15-те олар Қазақстан аумағында болды", — деп атап өтті Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінен. 

Қырғызстан мен Қазақстан дағдарысты басқару орталықтары арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бес көлікпен еріктілер кедергісіз өтіп жатыр.

Қар құрсауында қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу