Оқиға сағат 11.40 шамасында орын алды. Түсініспеушілік "Қазфосфат" ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасы басшысының әріптестеріне дөрекі сөйлегенінен туындаған.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Басқарма басшысына қарсылық білдіріп, жиналған қызметкерлердің саны 200-ді құрады. Осы оғиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуде", - деп арнайы мәлімдеді жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң, әкімдік өкілдері.
"Қазфосфат" ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды.
Қазіргі таңда кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.