Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның 20, 17 жастағы жолаушылары мен 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда", – деді Жуалы ауданы әкімдігі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу