Жамбылда жыл басынан бері 794 тұтынушының құқығы бұзылған

1235

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өтініштердің өсімі 38 пайызды құрайды.

Жамбылда жыл басынан бері 794 тұтынушының құқығы бұзылған Фото: abcnews.go.com

2024 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 794 өтініш келіп түскен. Оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 668 өтініш қаралыпты. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 184 өтінішке асып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өтініштердің өсімі 38 пайызды құрайды.

"Тұтынушылардың шағымдарының негізгі саласы бөлшек сауда болып табылады, 313 шағым немесе жалпы санның 45,4 пайызын құраып отыр. Бөлшек саудаға байланысты шағымдарда сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту басым, одан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту.

Электрондық сауда саласындағы шағымдар саны 2023 жылдың 9 айында 76 шағымды құраса, 2024 жылдың 9 айында 104 шағымды құрап, 37 пайызға өскен. Шағымдардың бұл түрі тұрмыстық қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет шаруашылығы бойынша өтініштер санынан озып, екінші орынға шықты.

Есептік кезенде департаментке келіп түскен 711 өтініштердің 448 өтініші толығымен қанағаттандырылды, бұл 63 пайызды құрайды, тұтынушыларға 21 300 000 теңге қайтарылды, 263 тұтынушы өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме алды. Сонымен қатар, 66 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді, 17 өтініш жұмыс үстінде қаралуда", – дейді Байқадам Еркінбекұлы.

Есепті кезеңде департамент мамандары тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 106 тексеру жүргізіпті. Тексеру нәтижесінде 83 бұзушылық анықталып, 65 ұйғарым енгізіліп, құқық бұзушыларға ескерту түрінде 67 әкімшілік жаза және жалпы сомасы 2 362 880 теңгеге айыппұл түрінде 16 жаза қолданылған. Сонымен қатар, 7 субъектіге 1 576 484 теңге сомаға тексеру жүргізбей айыппұл салынып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 6 тексеріс тараптардың келісімімен аяқталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу