Жамбылдағы сарбаз өлімі мәселесін жеке бақылауыма аламын – Константин Авершин

4029

Жамбыл облысында маңғыстаулық сарбаз Қалбай Әлібек қаза болғаны хабарланды. Тергеу басталды. Сарбаздың туыстарының айтуына қарағанда, оның денесінде көгерген іздер бар, қаза боларынан бұрын отбасынан ақша сұраған. Осы мәселе бойынша, мәжіліс депутаты Константин Авершин пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылдағы сарбаз өлімі мәселесін жеке бақылауыма аламын – Константин Авершин

"Өздеріңіз білетіндей, мен мәжілістегі қорғаныс комитетіндемін. Оған қоса осыдан 2-3 жыл бұрын әскердегі сарбаздардың өлімі жағдайын тергеп-тексеруге араласқаным да бар. Бүгін комитет бастығымен сөйлесіп, сарбаз өлімі тіркелген әскери бөлімге бармақпын. Өкінішке қарай осындай қайғылы жағдай тіркелген кезде жауаптылар үнсіз қалады. Жүрек талмасынан кетті дей салатын жағдайлар болған. Ал бірақ қайтыс болған сарбаздың денесінде көгерген іздер барын анасы айтып отыр. Әзірге анасымен сөйлескен жоқпын. Бірақ бұл мәселені жеке бақылауыма аламын", - дейді Авершин.

Мәжілісмен осындай әр жағдайды жіті талдап, қатаң жазалау керек деп есептейді. 
Оның айтуына қарағанда, қазір де армияда "дедовщина" бар.

"Дедовщина бізге совет армиясынан келген. Екінші жыл әскери қызметте жүрген жігіттер алғаш келген сарбаздарды қинайтын. Қазір қызмет 1 жыл. Осыған ұқсас 4 жағдай есімде: офицерлер мен келісімшарттағы әскер сарбаздарды сабаған. Сол себепті "дедовщина" қазір де бар – бірақ оның түрі өзгерген. Оны шешу керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу