Жамбылдағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан полицейдің бірі 11 баланың әкесі болып шықты

4038

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбылдағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан полицейдің бірі 11 баланың әкесі болып шықты Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті

Онда қаза болған екі полицейдің бірі 11 баланың әкесі екені айтылған.

"2024 жылдың 17 тамызында сағат 01:00 шамасында "Меркі - Шу – Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу