Жамбылдағы жарылыс Арыстағыдан ауқымы жағынан 7 есе аз – Ермекбаев

1142

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбылдағы жарылыс Арыстағыдан ауқымы мен оқ-дәрілер қоры жағынан 7 есе аз болғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылдағы жарылыс Арыстағыдан ауқымы жағынан 7 есе аз – Ермекбаев

"Жалпы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс қуаттылығы жағынан Арыстағы жарылыстың жанында қаншалықты қатты деген сұрақ туындап жатыр. Инженерлік оқ-дәрілердің саны мен қуаттылығы жағынан Байзақтағы ауқым Арыстағыдан 7 есе аз", – деді Нұрлан Ермекбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша қазіргі уақытта жарылыстың қалдықтары әлі жанып жатыр. Зардар шеккен адамдардың бәріне медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетсек 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент.  

Оның хабарлауынша, Жамбыл облысына Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары ұшып шыққан. Жарылыс болған маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 30-ға тарта облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкері мен әскери қызметкерлер жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу