Жамбылдағы жарылыс: ауруханада 28 адам жатыр

1130

Бүгінде Тараздағы қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылдағы жарылыс: ауруханада 28 адам жатыр

Оның айтуынша, кеше жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға медициналық  қызмет көрсетуге 88 маман өтініш білдірген.

"Олар Тараздағы қалалық ауруханада, Байзақ ауданының орталық ауруханасында жарылыстан зардап шеккендерге тиісті медициналық қызмет көрсетті. Нәтижесінде жеңіл жарақат алған алпыстай адам үйлеріне қайтарылды. Қазіргі таңда тек Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр. Оның алтауының жағдайы орташа ауыр, қалғандарының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді аймақ басшысы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бердібек Сапарбаев таңертең біз ауруханадағы науқастармен кездескенін, ауруханаларда дәрі-дәрмектердің тиісті қоры барын атап өтті.

Айта кетсек 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жойқын жарылыс болды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент.  

Оның хабарлауынша, Жамбыл облысына Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары ұшып шыққан. Жарылыс болған маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 30-ға тарта облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкері мен әскери қызметкерлер жарақат алған. 

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу