Жамбылдағы жарылыс: Оқ-дәрі Аягөзге көшірілуі мүмкін

1486

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылдағы жарылыс: Оқ-дәрі Аягөзге көшірілуі мүмкін

"Қазір халық қауіптеніп отыр. Оқ-дәрі қайда көшіріледі?" - деп сұрады журналистер.

"Бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Жарылыстан қалған оқ-дәріні әртүрлі қоймаға апарамыз. Мысалы, Аягөз немесе басқа жерге...", – деді Тұяқов.

Оның айтуынша, жарылыстың салдарын толық жоюға вице-премьер бастаған комииссия жұмыс істеп жатыр. Тұяқов жоюға қанша қаражат кететінін айтпады. 

"Соншалықты көп қаражат емес. Жаңа қоймаларды салуға жетеді. Негізінен бұл сұраққа индустрия министрлігі жауап беруі керек", - деді ол.

Еске саламыз, тамызда Жамбыл облысының әскери бөлімінде жойқын жарылыс болды.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу