"2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 16 адамның өмірін жалмаған апат 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған еді. Жарылыс болған аумақта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу