Жамбылдың жарылыс болған жерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ

931

Әйтсе де оның қашан жарияланатыны көрсетілмеген, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Жамбылдың жарылыс болған жерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ

НҚА сайтында Жамбыл облысы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы"  шешімінің жобасы жарияланды. Мәтінде ол туралы былай көрсетілген:
1. Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

Жоба 13 қыркүйекке дейін талқыланады.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу