Жамбылдық кәсіпкер банан мен лимон өсіруді қолға алмақ

443

Ермұхат Әжіғат өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға ниетті. 

Жамбылдық кәсіпкер банан мен лимон өсіруді қолға алмақ Фото: Кәсіпкерден

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылының тұрғыны Ермұхан Әжіғат ауласында банан мен лимон өсіріп, ерекше кәсіпке бет бұруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ауыл тұрғыны өткен жылы қайтарымсыз грант алып, бір сотық жерге жылыжай құрылысын жүргізген. Кәсіпкер құлпынайдың италиялық "Клэри" тұқымын арнайы Шымкент қаласынан алдырып, жылыжайға көшетін отырғызады.

"Қазіргі таңда 1 сотық жерде құлпынайдың кезекті өнімі жайқалып өсіп, жинау жұмыстарына кірісіп кеттік. Қыс бойы өнімімізді ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері шоколадты құлпынай жасауға сатып алып отырды. Одан бөлек сауда орталықтарына өткізіп отырдық. Енді құлпынай өсірумен шектеліп қалмай мемлекеттік қолдауға сүйеніп лимон мен банан өсіруді жоспарлап отырмыз. Тәжірибе ретінде құтыға лимон отырғызып көрдік. Егер оң нәтиже көрсетсе бірден іске кірісеміз" - деген кәсіпкер шаруашылық жұмыстарына ұлы қолғабыс ететінін жеткізді.

Жалпы Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қуат Ошақбайдың мәліметінше, аймақта тұрақты табыс тауып отырған 8 639 шағын және орта бизнес субьектісі бар. Онда 7 915 адам еңбек етіп, жалпы 30,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу