Жамбылдық құтқарушылар елордаға аттанды

593

Құрамында 57 адам бар жеке құрам және 7 техника төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмектеседі. 

Жамбылдық құтқарушылар елордаға аттанды Фото: Таласбек Керей

"Апат айтып келмейді" демекші, еліміздің Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында еріген қар суы, жауын-шашынның мөлшерден көп түсуі халықты айтарлықтай әбігерге салуда. Осыған орай Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, яғни құрамында 57 адам бар жеке құрам және 7 техника, 13 мотопомпа Астана қаласына жолға шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кейбір өңірлеріндегі су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты ҚР Төтенше жағдай министрлігінің барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта министрліктің күштері және құралдары су басқан аумақтарда төтенше жағдайларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Бірнеше күн бұрын Астана қаласының маңындағы Қоянды ауылын су басқан болатын. Сондай-ақ Ақмола облысының Зеренді ауданында бірқатар жолды су басты. Жамбылдық құтқарушылардан құралған топ бара салып су тасқыны кезінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетеді. Су тасқыны жағдайын бақылап, мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялайды. 

Қазір су басқан аумақтар тікұшақтармен бақылануда. Қауіпті өңірлерде сенім телефоны жұмыс істеуде және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған", - дейді Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы Амангелді Азат. 

Сала мамандарының айтуынша, жалпы Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Егер басқа да өңірлерге көмек қажет болған жағдайда Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері қол созуға дайын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу