Жамбылдық прокурорлар 300 миллион теңге алимент өндірді

1089

Жамбылдық прокурорлар 300 миллион теңге алимент өндірді.  

Жамбылдық прокурорлар 300 миллион теңге алимент өндірді Фото: rsk.almaty.kz

Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларында 2023 жылы 27 548 баланың мүддесі үшін қарызы 1 миллиард теңгені құрайтын алимент өндіру туралы 19 589 істі қарап жатыр. Прокурорлық шаралармен 12 832 кәмелетке толмағандарды асырауға арналған 300 миллион теңгеден астам қарыз өтелген, деп жазады inbusiness.kz.

Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан (олар бойынша берешек сомасы 25 миллион теңгеден астам). 56 адамға әкімшілік қамауға алу (алимент бойынша қарыз – 17 миллион теңге), ал жиырмасына әкімшілік айыппұл (8 миллион теңге қарыз) қолданылған.

Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған (3 борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды, 6 тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты тоқтатылды, 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, 2 сотқа жіберілді).

Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу