Жамбылдық шаруалар сот шешіміне наразы

505

Үлескерлер кезінде "Атлах" ЖШС-нің құқығына уақытша пайдалануына берілген жер телімдерін қайтаруды талап етіп отыр.

Жамбылдық шаруалар сот шешіміне наразы Фото: trt.net.tr

Т.Рысқұлов ауданындағы шаруалар Жамбыл облыстық апеляциялық сот шешіміне наразылық білдіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жайылымдық және егін шаруашылығы мақсатындағы жерлер негізі Т.Рысқұлов ауданындағы "Қайыңды" ЖШС-нің үлесінде болған.

"Қайыңды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы құрылған. Негізгі пай үлескерлерінің саны –  24, 9 үлескері қайтыс болған. 

2011 жылы 18 мамырда "Қайыңды" ЖШС мен "Атлах" ЖШС арасында бірлескен қызмет туралы келісім шарт жасалған. Себебі сол жылы 16 сәуірде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Қайыңды" ЖШС "Атлах" ЖШС-ның пайдасына 21 231 338,23 теңге өндіру туралы №3115-18-00-2/775 бұйрық шығарған.

"Қайыңды" ЖШС аталған сот бұйрығына сәйкес қаражатты өтемегендіктен, "Атлах" ЖШС тарапынан сот бұйрығын орындау тәртібін "Қайыңды" ЖШС пайдалануындағы жер телімдерін алу арқылы өзгерту туралы талап арызбен қайырылған. ​​​​Ал 2020 жылы Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының №3115-20-002м/176 ұйғарымымен 2018 жылғы 18 сәуірдегі сот бұйрығын орындау тәртібі өзгертіліп, "Қайыңды" ЖШС-ның уақытша өтеулі пайдалануындағы жер телімдерін "Атлах" ЖШС-на беру туралы ұйғарым қабылданған.​Аталған сот актісімен "Қайыңды" ЖШС-ның жер пайдалану құқығы "Атлах" ЖШС-на берілген", - деп түсіндіреді аудан әкімдігінің тиісті бөлімнің мамандары.

Аудан әкімдігі тарапынан пай үлескерлеріне сотқа жүгіну тәртібі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, содан кейін пай үлескерлері Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайырылыпты. Алайда сот аталған талап арызды қараусыз қалдырған. 

"Біз жайылымдық, егістік жерлерді өзіміз пайдаланғымыз келеді. Ауылда одан басқа қандай күнкөріс көзі бар. Сол үшін талап арызды өзгертіп, Жамбыл облыстық оппеляциялық сотқа қайта жолдадық. Бірақ сот талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды", - дейді үлескерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу