Жамбылдықтар жауапсыз мердігердің кесірінен сусыз қалды

657

Жамбыл ауданы Бесағаш, Түркісіб ауылдарында ауыз су проблемасы өте өткір күйінде қалып тұр

Жамбылдықтар жауапсыз мердігердің кесірінен сусыз қалды Фото: inbusiness.kz

Тұрғындар мердігер компания "Көлсай строй" ЖШС-ның жауапсыздығынан биыл да сусыз қалуы мүмкін.

Аталған компания ауызсу құбырының құрылысын былтыр желтоқсан айында толық аяқтауы керек болған. Екі ауылдың тұрғындары жоспар бойынша қаңтардан бері таза ауызсу ішіп отыруы тиіс еді. Алайда, жұмыс әлі күнге бітпеген, құрылыс сапасы сын көтермейді.

Ауыл азаматтары екі жылдан бері аяқталмай келе жатқан ауыз су жүйесі  мәселесінің шешімі табылуын сұрайды. Жауапсыз мердігерді сотқа берген ауыл тұрғындары мұндай компанияның лицензиясын қайтарып алу керек дейді.

Бесағаш ауылдық округінде ауызсу желісімен қатар, бірнеше көшеде жол салынуда. Ауыл тұрғындары "құрылыс кезінде жол ортасындағы электр бағаналарын көшіріп берсе", деп облыстық мәслихат депутаттарына өтініш айтып, мәселе көтерген.

Мысалы, Абай көшесіндегі бағаналар кезінде білместікпен жол ортасына қойылған екен.

"Жол кеңейтіліп, асфальт төселгенде ол тіпті қақ ортада қалып кеткелі тұр. Ал оған біреу келіп көлігін соғып алса, жол қозғалысына кедергі туғызары анық. Бұл ауыл ішінде жол апаттарының жиілеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ертең жаңа төселген асфальтті бұзып, бағананы қайта көшіріп жүрмеу үшін мәселені қазірден реттеп алу қажет", - дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дәурен Ахметжаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу