Жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссия құрамы бекітіледі

2013

Жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссия құрамы бекітіледі

Жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссияның құрамы бекітіледі. Бұл туралы Назарбаев орталығында "Жаңа әліпби – жаңғыру жолы" деген тақырыпта өткен жиында айтылды, деп хабарлайды elorda.info.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 
"Бүгінде мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жұмысшы топ бастаманы жүзеге асыруға кірісіп кетті. Оны Ерболат Досаев басқарады. Латын әліпбиіне көшуге бей-жай қарап отырған ешкім жоқ. Бүкіл мемлекеттік органдар түгел қатысып отыр. Бірақ бұл әзірге жоба, шамамен 14-16 қарашада кезекті отырыс өтіп, жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссияның құрамы бекітіледі", - деді ол.

Ұлттық комиссияға мемлекеттік орган өкілдері, лауазымды тұлғалар, тіл жанашырлары кіреді. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеевтің айтуынша, жиын барысында айтылған пікірлер ескеріліп, комиссия қарауына жолданады.

"Алдағы кезең ұсынылған нұсқаға қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтары тұрғысынан, орфографиялық, орфоэпиялық ережелеріне икемділігі жағынан талдау мен талқылау жүргізілетін кезең болмақ", - деді қор директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу