Биылғы астықты тасымалдауға 10 мың вагон бөлінді

1085

Биылғы астықты тасымалдауға 10 мың вагон бөлінді

Биылғы бастырылған астықты тасымалдауға 10 мың вагон бөлінеді. Бұл туралы  "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен астық тасымалдауды ұйымдастыру сөз болған отырыста айтылды, деп хабарлайды railways.kz.

Кеңеске Қазақстанның астық нарығына қатысушы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақмола, Қостанай, Солтүстік облыстардың әкімшілігі, трейдерлік компаниялардың өкілі қатысты.

"Биылғы 9 айда 5,5 миллион тонна астық тасымалданды. Оның ішінде 3,6 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Жүк жөнелтушілерден қазанның 10-ына дейін 1,2 миллион тонна астық тасымалдауға тапсырыс түсті. Оның 804 мың тоннасы экспортқа шығарылмақ. Қазан айында 850 мың тонна астық тасымалдануға тиіс болса, оның 600 мың тоннасы шетелге жіберілмек. Қараша, желтоқсанда 1 миллион тонна тасымалдануы тиіс болса, оның 650 мың тоннасы экспортқа бағытталады".
Мәселен, "Логос грейн" ЖШС өкілі Л. Ковалеваның пікірінше, "өзекті мәселелерді шеудің бір жолы элеваторлардың жұмысын демалыс және мерекелік күндері де тоқтаусыз жүргізу, құжат ресімдеу ісін ширату астық тасымалын кідіріссіз ұйымдастыруға серпін береді", - деді Қанат Алпысбаев.
Оның айтуынша, жаңа астық тасымалдауға он мың астық вагоны іске қосылмақ. Ол арқылы вагондардың айналымын қадағалай отырып, айына бір миллион тоннаға дейін астық тасымалдауды қамтамасыз етуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 9 мыңдай астық вагоны бар. Олардың ішінде 6250 астық вагоны "Астықтранс" АҚ-ның, 1650-і басқа меншік иелерінің еншілігінде. Қазанның үшінші онкүндігіне астық тасымалдауға "РусАгро Транс" ЖАҚ мың астық вагондарын тарту жоспарланып отыр.

"Baltic Control Kazakhstan" ЖШС халықаралық инспекторлық компаниясының өкілі Е. Бондаренконың айтуынша, бұл компания қазақстандық астықтың 60 пайызына инспекторлық қадағалау жүргізеді.

"Біз өз қызметімізде қазақстандық стандарттарды ғана емес, астық экспортқа шығарылатын елдердің де стандарттарын қабылдауымыз керек. Сондықтан, элеватор иелерінің вагондарға тиеген астық сапасы үшін жауапкершілігін күшейту керек. Қызметтің 90 пайызында олардың сапалық көрсеткіші төмен болуы жағдайлары кездесіп отыр", - дейді компания өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу