Батыс Қазақстан облысындағы Круглоозёрное кентінің тұрғындары су жаңа балабақшаның қашан ашылатынын білмей, сарыла күтуде. Мұнда қажетті жабдық, жиһаз бен ыдыс-аяқтың барлығы бар болғанымен, балалар жоқ. Ғимаратты өз қаражатына салған жеке кәсіпкердің неліктен сары майдан сақтап отырғаны белгісіз. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі осы жаздың басында ашылуы керек болған. Жергілікті шенеуніктер де жиі сұрақтардың астына алған ата-аналарға нақты жауап бермей отыр.
Тұрғындар күн сайын балаларын қалаға тасымалдаудан да шаршағандарын айтып шағымданады. Әкімдіктегілер болса кәсіпкерге серіктестіктің үш түрлі жолын ұсындық деп отыр. Алайда, балабақша қожайыны шенеуніктердің талабына көнгісі жоқ.