Жаңа қазақстандық маркетплейсте 10 мың адам жұмыспен қамтылмақ

151

Бұдан бөлек екі қалада Ozon және Wildberries маркетплейстерінің орталығы салынады. 

Жаңа қазақстандық маркетплейсте 10 мың адам жұмыспен қамтылмақ Фото: Үкімет

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды, жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестиция көлемі – 50 миллион доллар. Сондай-ақ, осы жылы Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматыда инвестиция көлемі 101,3 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда. Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық Келісімге қол қойылды", – деді Арман Шаққалиев.

Бүгінде электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу