Жаңа Конституция референдумда қабылданса, қай уақыттан бастап күшіне енеді?

367

Бүгін БАҚ беттерінде жаңа Ата заң жобасы жарияланды.

Жаңа Конституция референдумда қабылданса, қай уақыттан бастап күшіне енеді? Фото: Azattyq Rýhy

Жаңа Конституция жобасы алдағы референдумда қабылданған жағдайда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Ата заң жобасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тиісті норма жаңа Конституция жобасының "Қорытынды және өтпелі ережелер" атты XI бөлімдегі 94-бапта көзделген. 

"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады", – делінген құжатта.

Сонымен қатар 95-бапта қолданыстағы Конституцияға сәйкес қалыптастырылған Парламент өз өкілеттігін 2026 жылғы 

1 шілдеден бастап тоқтататыны да жазылған.

"Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс", – делінген жаңа Ата заң жобасында.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу