Оның сөзінше, қоғамда таралып жатқан дәйексіз ақпараттар осы тақырыптарға тікелей қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бірінші мәселе – жерді шетелдіктерге сату туралы жалған ақпарат. Қоғамдық және ақпараттық кеңістікте жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салуды жою туралы ескі әрі қоғам үшін түйткілді тақырып қайта көтерілді. Әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасынан бұл тыйым "білдіртпей" алып тасталды деген пікірлер кеңінен таралуда. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа сай келмейтінін бүкіл жауапкершілігіммен атап өткім келеді, – деді депутат.
Ерболат Саурықов жерге, жер қойнауына, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты негізгі тұжырымдар Жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз қалғанын сөз етті.
– Конституциялық реформа аясында мемлекеттің іргелі қағидаттары әлсіреген жоқ, керісінше нығайтылды. Елдің тұтастығы мен унитарлығына қатысты ережелер Конституцияның ең бастапқы бөлімдерінде айқын көрініс тауып, оларға ерекше құқықтық мән беріліп отыр. Бұл – мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігіне деген берік ұстанымның белгісі.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның бүкіл аумағы бөлінбейтін, қолсұғылмайтын және мемлекет қорғауындағы біртұтас кеңістік екенін нақтылайды. Мемлекеттің тәуелсіздігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде айқын бекітілген.
Осылайша, жерді шетелдіктерге сатуға мораторий мен тікелей заңнамалық тыйым салу қолданылады, ал жаңа Конституция жобасы бұрыннан бар тәртіпті бекіте түседі, – деп атап өтті депутат.
Е.Саурықов тоқталған екінші мәселе – адами капиталды мемлекеттің стратегиялық таңдауы ретінде дамыту. Оның сөзінше, бұл түбегейлі өзгеше сипатқа ие және жаңа Конституция жобасына енгізілген елдің болашағы туралы стратегиялық көзқарасты көрсетеді.
– Ата заңда Қазақстан Республикасы адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде мойындайтыны анық жазылған. Бұл шешім кездейсоқ емес.
Технологиялық даму экономиканы, еңбек нарығын, әлеуметтік процестерді күн сайын өзгертіп жатқан қарқынды құбылмалы әлемде басты ресурс енді табиғи қазбалар емес, адамдар, олардың білімі, құзыреті мен зияткерлік әлеуеті болып табылады.
Бүгінгі күні "білім экономикасы" – барлық басты өзгерістің негізі әрі қозғаушы күші", – деді ол.
Халық қалаулысының көтерген үшінші мәселесі арнаулы құқықтық режимдер және "қарқынды дамитын қалаға арналды.