Сенат отырысына келген Әділет министрі Қанат Мусин осылай деді.
Оның айтуынша, қазір Үкіметтің экономикалық блогы аймақтардың шекарасын сызып қана қоймай, бюджеттегі қаржысын да бөліске салып жатыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы тапсырма берді. Соған сәйкес, Абай облысының орталығы – Семей, Ұлытауда – Жезқазған, ал Жетісуда орталық ретінде – Талдықорған қаласы бекітілуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу