Жаңа оқу жылында 145 мың колледж студенті мемлекеттік тапсырыспен білім алады

200

Қазіргі таңда 518 кәсіпорын 410 колледжді шефтік қамқорлыққа алған.

Жаңа оқу жылында 145 мың колледж студенті мемлекеттік тапсырыспен білім алады Фото: zhumabayev.edu.kz

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға ұлғаяды. Осылайша, мемлекеттік тапсырыспен қабылданатын білім алушылардың саны 145 мыңға жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі техникалық мамандықтар бойынша көбейеді: геология, машина жасау, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б.

"772 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында бүгінгі таңда 542 мың студент білім алуда. Олардың 60 пайызы жұмысшы мамандықтар бойынша дайындалуда. Қазіргі уақытта ТжКБб бойынша мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті. Ал 2025 жылы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарлануда", - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кету керек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың абитуриент қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу