Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

112

2025-2026 оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады. 

Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді.

Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысты. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай басым – 56%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу