2024 жылы елімізде студенттерге арналған 27 жатақхана іске қосылады. Оның ішінде 17-сі пайдалануға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл 10576 орынға жатақхана салу көзделіп отыр. Жалпы 2024 жылы 27 жатақхана құрылысын аяқтау көзделсе, бүгінде 17 жатақхана салынып, пайдалануға дайын. 17 жатақхана 4650 орынға арналған. Түркістан облысында – 3 жатақхана, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында – 1 жатақханадан, Алматыда – 1040 орынға арналған 4 жатақхана, Шымкентте – 930 орындық 3 жатақхана, Астанада – 1207 орынға арналған 3 жатақхана, Қостанайда – 324 орындық 1 жатақхана. Олар биылғы оқу жылында пайдалануға берілуге дайын", - деді Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.