Наурыз мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы перзентханаларының бірінде жаңа туған нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер тарту етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алтайньюс сілтеме жасап.
ШҚО ақпарат орталығының мәліметі бойынша, аталмыш сыйлықтар Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасында Наурыз мерекесіне орай жаңа туған сәбилерге берілген. Ал аналарына Наурыз көже таратылды.
Перзентханада 16 наурыз күні 5 сәби дүние есігін ашыпты. 2 бала Үржар ауданынан болса, 3-еуі Аягөздікі.
Балаларға арналған киім санитарлық талаптарға толықтай сай. Сыйлықтар мереке күндері босанған барлық әйелдерге берілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу