Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"31 желтоқсан күні отшашу жоспарланған. Күні кеше қалада шыршалардың шамы жағылды, 30-дан астам қоғамдық алаң жаңа жыл мерекелеріне дайын. Балаларға арналған сырғанайтын орындар дайындалды. Қала Жаңа жыл мерекесін өткізуге дайын. Отшашу болады", – деді елорда басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, осыған дейін Жеңіс Қасымбектің бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікірін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу