Жаңадан тіркелген "Байтақ" партиясының сайлауалды съезі 3 ақпанда өтпек

825

3 ақпан күні сағат 11:00-де Астана қаласында "Байтақ" жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді.    

Жаңадан тіркелген "Байтақ" партиясының сайлауалды съезі 3 ақпанда өтпек Фото: Алмас Қайсар

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Съезд өткізу туралы шешім партия саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданған. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.

Съезді шақыру туралы қаулыға "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы кеше өткізіп, саяси додаға қатысатын үміткерлердің тізімін жариялады.

Ал, 2 ақпан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХ съезі, 7 ақпанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтетіні мәлім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу