Жаңаөзен тұрғынынан 45 келі есірткі тәркіленді

1092

Оны ізшіл ит тауып алған.  

Жаңаөзен тұрғынынан 45 келі есірткі тәркіленді

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының маңайындағы Теңге ауылының 41 жастағы тұрғынынан 45 келі есірткі табылды. Оның алғашқы он келісін қызметтік ит тапқан, қалған 35 келісі тексеру барысында сарайдан шыққан. Сондай-ақ, ауладағы бақшада қарасораның 180 сабағы өсіп тұрғаны анықталады.

ҚР Ұлттық Ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі  хабарлағандай, кептіріліп, қапқа салынған 45 келі есірткіні 23 қыркүйек күні 12-30 сағатта №5548 әскери бөлімінің кинолог маманы Асан Әбдікәрімов пен Детектив атты ізшіл ит жедел-іздестіру шарасы кезінде тапқан.

"Ұлттық Ұланда бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Детектив - кинологиялық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, талай рет есірткі таратушыларды анықтауға көмектескен", - деп сипаттайды аталған мекеменің баспасөз қызметі. Ит бұған дейін маусым айында 28 жастағы жігіттен жарты келі марихуана тапқан екен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу