Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға еңбекке араласу ұсынылды

564

Оларға жалақысы 140- 280 мың теңгеге дейінгі бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға еңбекке араласу ұсынылды Фото: Жаңаөзен әкімдігі

“Аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына "Жұмыс жасаймын" өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқалары ұсынылды. Тұрғындар жұмыс жасай жүріп,  мұнай саласына жұмысқа орналасу кезегін күте алады, деп хабарлайды Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта  бос жұмыс орындарын ұсынды, мысалы: сәулетші. өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және т. б. 

Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы-280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы 140 мың теңге. Көптеген бос жұмыс орындары үшін жоғары білім қажет емес.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етті.

Бұл талап өз кезегін күтіп отырған қаланың басқа да тұрғындарына  әділетсіз болып табылады, олардың көпшілігі қазіргі уақытта басқа салаларда жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгін бір топ азамат Жаңаөзен қалалық әкімдігі алдына жиналып, жұмыс талап етіп аштық жариялады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу