Жаңаөзенде ұландықтар қараусыз жүрген баланы ата-анасына жеткізді

351

Оқиға кешкі уақытта "Мұнайшы" саябағында болған.  

Жаңаөзенде ұландықтар қараусыз жүрген баланы ата-анасына жеткізді Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Жаңаөзен қаласындағы "Мұнайшы" саябағында патрульдік қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қараусыз жүрген баланы байқап, ата-анасын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға шамамен сағат 20:30-да болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5548 әскери бөлімінің әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Ердәулет Базарбай және патрульдеушілер Ерназ Еспусинов пен Есболат Болысбек баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын іздестіруге кіріскен.

Әскери қызметшілер көп ұзамай баланың ата-анасын анықтап, оны аман-есен отбасына табыстады.

Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында азаматтарға түрлі жағдайларда көмек көрсетіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында ұландықтар қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша 1,3 мыңнан астам міндет атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу