Жаңаөзендегі өрт: Маңғыстауда сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркіліс болмайды

1864

Облыста үш тәулікке жететін сұйытылған газдың қоры бар. 

Жаңаөзендегі өрт: Маңғыстауда сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркіліс болмайды

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытындағы өртке қарамастан Маңғыстау облысында сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркіліс болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзендегі "Қазақ газ өңдеу зауытында" өрт шығып, кәсіпорын жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, зауыттың қоймасындағы сұйытылған газдың қоры өңірдің қажетін шамамен 2 тәулікке (шамамен 1,2 мың тонна) қамтамасыз етеді.

Маңғыстау облысы әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес, өңірде сақтау базасында сұйытылған газдың тағы үш тәулікке жететін қоры бар (шамамен 1,5 мың тонна).

"Қажеттілік туындаған жағдайда Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) өңірге сұйытылған газды жеткізе алады. Ай сайын Маңғыстау облысына шамамен 18 мың тонна сұйытылған газ өндіріледі. Оның ішінде "Қазақ газ өңдеу зауытынан" ("ҚазГӨЗ")14,5 мың тонна, АМӨЗ-ден 3,5 мың тонна. Бүгінде "ҚазГӨЗ-ден" 8 мың тонна, АМӨЗ-ден 1,6 мың тоннадан аса сұйытылған газ өңірге жіберілді", – деп жазылған хабарламада.

Зауыт жұмысы жақын арада толық қалпына келеді.

"Өңірде сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша іркіліс болмайды", – деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу