Жаңаөзендегі жарылыс: Тағы бір адамның денесі табылды

770

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 4 адамға жетті.

Жаңаөзендегі жарылыс: Тағы бір адамның денесі табылды Фото: ҚР ТЖМ

Жаңаөзен қаласында газ жарылысы болған тұрғын үйден тағы бір адамның денесі шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сағат 11:45-те үйінді астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінді астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі шығарылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, жарылысқа байланысты жедел штаб құрылғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар Жаңаөзенде жарылыстан қаза тапқандардың саны 3 адамға жеткенін айтқан едік.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу