Жаңаөзендіктер "Өзенмұнайгаздың" тапсырысын орындауға қатысады

1053

1,5 жаңаөзендікке 120-320 мың теңгелік жұмыс ұсынылады.

Жаңаөзендіктер "Өзенмұнайгаздың" тапсырысын орындауға қатысады

Жаңаөзен жастарын жұмыспен қамту еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі үшін күрделі шаруа болып тұр. Тіпті бұл істе шетелдік жұмысшылар ковтасын қысқарту шарасы да көмектесе алмаған. Мұнай саласынан жұмыс талап еткен халықтың мәселесін шешу үшін министрлік 32 кәсіпорынмен келісім жасап жатқан көрінеді. Бұл туралы вице-министр Ержан Жылқыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингте айтты. Оның сөзінше, жаңаөзендіктерді шетелдік жұмысшылардың квотасын қысарту есебінен еңбекке араластыру мүмкін емес екен. 

"Жаңаөзен қаласында шетелдік жұмысшыларға квота қарастырылмаған. Мұны қадап айтқым келеді. Әрине, Жаңаөзен жастарының бәрі "Өзенмұнайгазға" барғысы келеді. Бірақ ол компанияның мүмкіндігі шектеулі. 7 мынан астам азамат сонда жұмыс істеп жүрсе, бәрін сол жерден алу шарт емес қой.

"Өзенмұнайға" кіргім келеді деген азаматтарды қарасақ, көбінің біліктілігі сәйкес емес. 500-600 мың теңге айлық алу үшін тиісті біліктілік керек қой.  Сол үшін осындай мәселе бар. Бәрін "Өзенмұнайгазға" тарту мүмкін емес", – деген министрлік өкілі қала тұрғындары тікелей мұнай компаниясына жұмысқа тұрмаса да, монополистің тапсырысын орындаушы кәсіпорындарға алынатынын атады.

"Ол үшін біз 32 кәсіпорынды таңдап алдық. Олар "Өзенмұнайгаз" компаниясының мемлекеттік сатып алуына қатысу арқылы  тұрақты, ұзақ мерзімге келісімшарт алып отыр.  Біз соған жол аштық. Ең бастапқы шарт – олар сол жерде өздерінің өндірістерін ашып, жұмыс  орындарын құруы керек. Оларға айтып отырмыз, жалақы 70-80 мың болмауы керек.  Ондай еңбекақы  онсыз да бар, мемлекет тарапынан субсидияланады.  Бұл кәсіпорындардағы жалақы кемінде 120 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін болуға тиіс.  Аталған кәсіпорындар өздерінің мүмкіндіктеріне қарап, әрқайсысы 40-50 жұмыс орнын ашады. Жалпы жылдың соңына дейін 1,5 мың осындай жұмыс орнын ашу жоспарда бар.  Келісімшарттың негізгі талабы – Жаңаөзен қаласының тұрғындарын бірінші кезекте жұмысқа алыну керек. Біз оны қадағалаймыз. Үкімет басшысының орынбасары. Б.Сапарбаев мырза жеке өзі қадағалап отыр", – деді Ержан Жылқыбаев.

Дегенмен, вице-министр мұнай саласында қанша шетелдік жұмысшының квотасы қысқартылғанын нақты айта алмады.

"Нақты мұнай саласында қанша квота қысқарғанан кейін қосымша берейін. Жалпы 49 мыңнан 29 мыңға қысқарғанын айттым. Негізі мұнай саласында жұмыс істейтін шетелдіктер  бірінші, екінші санатты мамандар.  Үшінші, төртінші санаттағы азаматтар көп емес. Ал квотаны қысқарту осы екі санатқа қатысты", – деді ол. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу