Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылмайтын болды

757

Жанар Толыбаева Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандардың бірі.

Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылмайтын болды

Жоғарғы соттың кассациялық коллегиясы бас прокурордың қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны орташа қауіпсіздік колониясына қайтаруға наразылығын қанағаттандырды. 

"Минимальді қауіпсіздік мекемесінде болуды болдырмай, орташа қауіпсіздік мекемесін тағайындалсын. Бас прокурордың наразылығы қанағаттандырылсын", – деді  шешімді жариялаған коллегия төрағасы Серік Әбнәсіров.

Биылғы жылдың 13 наурызында Алматы аппеляциялық коллегиялық соты Құдайбергенов пен Қиясовқа қатысты бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, ал Толыбаеваға қатысты жазаны жеңілдетіп, бала тууына байланысты жазаны өтеу орнын  жалпы режимдегі колониядан колония-қонысқа ауыстырған болатын.

Еске сала кетсек, Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автоұрылар қолынан қаза тапқан еді. Бұл іске қатысты үш адам: Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева кінәлі деп танылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу