Жанармай бекетінің жанында жүк көлігі аударылып қалды - Абай облысы

451

Абай облысы Жарма ауданында жол-көлік оқиғасы болды.

Жанармай бекетінің жанында жүк көлігі аударылып қалды - Абай облысы Фото: видеодан скриншот

Абай облысындағы жанармай құю бекетінде жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kzhttp://inbusiness.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға 15 мамырда Жарма ауданында жанармай құю станциясында сағат 11:20 шамасында тіркелген.

"Омбы-Майқапшағай тас жолында CHACMAN жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 60 жастағы азамат солға бұрылған кезде MAN жүк көлігіне апаттық жағдай туғызды. Екінші көлік одан жалтарғанда, көлігі аударылған. Адамдар зардап шекпеген”, деп жазылған ақпаратта.

CHACMAN жүк көлігінің жүргізушісіне Әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды . Жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу