Павлодар ауданында Красноармейка ауылынан 15 шақырым жердегі Павлодар-Шарбақты тас жолында жанармай таситын көлік аударылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оператордың пультына хабарлама сағат 18:45-те түскен.
Жүргізуші ГАЗ-53 жүк көлігін басқарып келе жатып рөлге ие бола алмай қалған. Нәтижесінде цистернасында 2 тонна дизель отыны болған сыйымдылығы алты тонна көлік жанына қарай аударылып қалған. Жалпы аумағы 15 шаршы метр аумақта 200 литр жанар-жағармай төгілген.
Жүргізуші түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында № 35 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш адам мен бір техника жұмыс істеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу