Жанат Жақиянов СҚО-дағы бокс мектебінің басшысы болды

1418

Ол енді бокстан олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебін басқарады.

Жанат Жақиянов СҚО-дағы бокс мектебінің басшысы болды

Жанат Жақиянов бокстан олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебін басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жанат Жақиянов аталмыш мектепте 2007 жылғы қыркүйек айынан бапкер-оқытушы болып қызмет атқарған. Мектеп ұжымына Жанат Жақияновты директор ретінде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин таныстырып, мекеменің жаңа басшысы мен ұжымына ынтымақты жұмыс тіледі.

"Бокс мектебі алдына үлкен мақсаттар қояды, сондықтан оларға жету үшін бірігіп жұмыс жасау керек", - деді Руслан Есеналин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу