Солтүстік Қазақстан облысында менингиттен көз жұмған қызға қатысты жағдайды еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өз бақылауына алды. Ол өңірге арнайы сапармен барып, қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтауда, деп хабарлайды Atameken business.
Бұған дейін, науқасқа менингит деген алдын–ала диагноз қойылған болатын. Алайда, оның нақты неден қайтыс болғаны сараптама нәтижесінде белгілі болмақ.
Айта кетейік, Алматы облысында 3 оқушы дәл осындай диагнозбен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің жіті бақылауында жатқан олардың денсаулығы қазір бірқалыпты.
Еске салсақ, жыл басынан бері елімізде қауіпті инфекцияны 62 адам жұқтырып, салдарынан оның 13-і ауыр дерттен көз жұмды.
"Алды ала лакунарлы ангина деген диагноз қойылып, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайы нашарлап, есінен айрылған соң реанимацияға ауыстырылды. Өкінішке қарай, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Күшбасов.