"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес оларды депутат ретінде тіркелу үшін тізім аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.
29 кандидаттан тұратын тізімде көпшілікке таныс бірнеше адам бар. Олардың бірі – қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік. Сонымен қатар бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы" РМКК-ның директоры Ермахан Ибраимов бар.
Бұған қоса депутаттар қатарынан танымал кәсіпкер, инвестициялық холдинг директоры Қайрат Құдайберген мен атақты медиа-бизнесмен Арманжан Байтасов та табылды.
Олардан бөлек кандидаттар тізімінен мектеп және колледж директорлары, кәсіпкерлер, медицина мамандарын байқауға болады.
Фото: kazgazeta.kz